Талдықорғанда Айзат Жұманованың қазасына байланысты резонансты қылмыстық іс апелляциялық сатыда қаралып, сот соңғы шешімін жария етті, деп жазады Alash.KZ.
Сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты айыпталушыға тағайындалған жазаны күшейтуді талап етті. Ал қорғаушы тарап, керісінше, үкімді жеңілдетуді сұраған.
Іс материалдарын зерделеген апелляциялық сот бұл қылмыс «Адам өлтіру» бабының талаптарына толық сәйкес келетінін атап өтіп, бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Еске сала кетейік, Айзат Жұманованы өлтірді деп айыпталған күйеуі Айбар Жанболат 14 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.