Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ақтаудағы ұшақ апаты бойынша кеңес өткізді, деп жазады Alash.KZ.
AZƏRTAC агенттігінің хабарлауынша, Әлиев:
"Маған айтылған ақпарат бойынша, Бакуден Грозныйға ұшқан Azerbaijan Airlines компаниясының ұшағы ауа райына байланысты бағытын өзгертіп, Ақтауға қарай ұшқан. Ұшақ қонып жатқанда апатқа ұшыраған" деген. Бірақ ол апатқа не себеп болғаны белгісіз, "әртүрлі нұсқа айтылып жатыр, мәселе толығымен зерттелуі керек" деп мәлімдеген.