Танымал әнші әрі композитор Ағайша Исағұлова баспаналы болды. Бұл туралы Сұлушаш Нұрмағамбетова әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп жазды Alash.kz.
Оның айтуынша, халық сүйіп тыңдайтын бірқатар әндердің авторы саналатын өнер иесінің баспана мәселесі көпшілікті алаңдатып келген.
«Шүйінші, ағайын! Халық сүйіп айтатын тамаша әндердің авторы, әнші-композитор Ағайша апайымыз баспаналы болды. Апайымыздың жай-күйі қатты алаңдатушы еді. Енді көңіліміз орнына түсті», – деп жазды Сұлушаш Нұрмағамбетова.
Ол өнер иесін баспанамен қамтуға себепші болған азаматтарға алғысын білдіріп, Ағайша апайдың қуанышы көпшілікке жұғысты болсын деп тілек білдірді.
Айта кетейік, Ағайша Исағұлова дәстүрлі ән өнерінде сырнаймен ән айту дәстүрін насихаттап жүрген өнер иелерінің бірі ретінде аталады.