Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Антикоррупция қызметі "Самұрық қазына", "Самұрық-ЭНЕРГО" және ҚТЖ басшыларын тексеріп жатыр

15:52, 03 наурыз 2022 313
[ad_1]



Қазақстанның антикоррупция қызметі "Самұрық қазына", "Самұрық-ЭНЕРГО" және "Қазақстан темір жолына" (ҚТЖ) басшыларына қатысты тексеріс бастағанын мәлімдеді.


Елдегі ең ықпалды үш компанияның басшылары "жеке компанияларының пайдасы үшін қызметін асыра пайдаланды" деген күдікке ілінген.


Антикоррупция қызметі мемлекетке 3,8 млрд теңге шығын келді деп мәлімдеді. Ведомство "тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат берілмейтінін" жеткізді.


Елді дүрліктіріп, жүздеген адамның қазасына алып келген қаңтар оқиғаларынан соң Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев активі елдің ішкі жалпы өнімінің 60 пайызына пара-пар "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры мен өзге ұлттық компаниялардың жұмысы мен басшыларын сынаған.


Тоқаев "Самұрық-Қазына" қоры негізгі міндетін орындап отыр ма? Яғни "ұлттық байлықты еселей алды ма?" деген орынды сұрақ туындайды. Қомақты жалақы алатын қызметкерлері, директорлар кеңесі немен айналысады? Қызметі өте қымбат консалтинг компанияларын және шетелдік мамандарды жұмысқа тартқаннан пайда бар ма?" деген еді.


Осыдан соң "Самұрық қазына" штаты екі есе қысқарған.






[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар