Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тың мәлімет жариялады

03:24, 19 желтоқсан 2022 328


Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты кәсіпорындардың қатысу үлестерін заңсыз иемденудің, оның ішінде адам ұрлаумен ұштасқан екі фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.



Биыл 15 желтоқсанда қылмыстық іс айыптау актісімен бірге прокуратураға күдіктілерді сотқа беру туралы мәселені шешу үшін жіберілді.




Гүлмира Сатыбалды, оның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығы және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілініп отыр. Тергеу сатысында мемлекетке келтірілген залал толығымен өтелді. Осы факт бойынша да сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс күдіктілер мен олардың адвокаттарына танысуға берілді, – деп жазылған хабарламада.




Гүлмира Сатыбалдыға қатысты бизнесті басып алудың және заңсыз бас бостандығынан айырудың басқа эпизодтары бойынша тергеу жалғасып жатыр.



Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар