Әнші Қарақат Әбілдина мереке қарсаңында «Парасат» орденімен марапатталды, деп хабарлады Alash.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі мен ел мәдениетінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар тұлғаны «Парасат» орденімен марапаттады.
Әнші Қарақат Әбілдинаға да «Парасат» орденін тақты.
«Сүйіншісімен келген көктемім! Құттықтауларыңызға мың алғыс!»,- деп жазды Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында.
Әнші оқырмандары жылы лебізін білдіріп, құттықтап жатыр.
«Лайықты марапат», «Қазақ қыздарына үлгі болып жүре бер, қазақтың Қарақаты», «Қуанышқа ортақпыз», «Еңбегіңіз еленіп, аман есен жүріңіз», «Қуанышың қуанышқа ұласа берсін, еңбегіңнің жемісін көре бер», «Алла абырой берсін»,- деп жазуда желі қолданушылары.