Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әнші Qarakesek сотқа күштеп жеткізіледі

14:36, 19 ақпан 2026

Кеше айыпталушы Омар Амантаев сот отырысының уақыты мен күнін біле тұра, қатыспады. Алғашында оның қорғаушысы бірнеше минутқа кешігетінін хабарлағанымен, кейін сотқа мүлде келмейтіні анықталды, деп жазады Alash.KZ.

Судьяның айтуынша, сот отырысы жарияланған уақытта айыпталушы себепсіз келмеген. Кешігетіні туралы хабар түскен соң үзіліс жарияланғанымен, ол келмеуінің нақты дәлелдерін ұсынбаған.

Осыған байланысты Қылмыстық-процестік кодекстің 157-бабына сәйкес Омар Амантаевты келесі сот отырысына мәжбүрлеп жеткізу туралы қаулы шығарылды.

Келесі отырыс 19 ақпан күні сағат 15:30-ға белгіленді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар