Танымал әнші Мақпал Жүнісова жаңа жыл қарсаңында өзіне жасалған ерекше сыйлықты көпшілікке көрсетті, деп жазады Alash.KZ.
Өнер иесіне жылы лебізін білдіріп, қымбат брендтік сөмке сыйлаған – әнші Ерке Есмахан. Сыйлықпен бірге жолданған құттықтау жазбасында Ерке Мақпал Жүнісоваға деген құрметі мен ықыласын ашық жеткізген.
«Мақпал апай, Жаңа жылыңызбен! Сізді қатты сыйлаймын, құрметтеймін және жақсы көремін. Ізгі ниетпен, Ерке Есмахан», – делінген құттықтауда.
Желіде тараған бейнежазбадан Мақпал Жүнісованың сыйлықты ерекше қуанышпен қабылдап, жолдаған жанға шынайы алғысын білдіргенін көруге болады.