Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Анасын ауыр балағаттаған ер адам қамауға алынды

18:05, 18 желтоқсан 2024 28

Петропавлдың 48 жастағы тұрғыны анасына балағат сөздер айтқаны үшін 10 тәулікке қамаққа алынды, - деп хабарлайды Alash.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол бұған дейін де осындай құқық бұзушылық жасаған.

Оған қатысты қорғау ұйғарымы шығарылған: 30 күн бойы анасына жақындап күш көрсетуге, балағат сөз айтуға және қауіп төндіретін қасақана заңсыз әрекеттер жасауға тыйым салынған.

Алайда ер адам бұл әрекетінен сабақ алмаған, бірнеше күннен кейін мас күйде анасымен жанжалдасқан. Осылайша ол қорғау ұйғарымын бұзды.

Бұл үшін заңмен 10 тәулікке қамауға алу түріндегі баламасыз жаза көзделген.

Жыл басынан Петропавлда полицейлер қорғау ұйғарымын бұзған 89 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар