Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Анасы жол жасауды өтінді": Сметовтың көшесіндегі асфальтті кімдер салды?

18:59, 02 қыркүйек 2024 257

Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтың үйінің алдындағы асфальт демеушілердің көмегімен салыныпты. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев асфальттың неліктен және қалай салынғанын түсіндірді, деп хабарлайды Alash.KZ inbusiness.kz материалына сүйеніп.

Қарашөкеев спортшының ауылына асфальт төсеу бойынша мемлекеттік сатып алу процесі белгілі бір себептермен кешіктіріліп жатқанын алға тартты. Дегенмен, Сметовтың үйінің алдындағы жол демеушілер есебінен жасалған екен.

"Жол салу оңай процесс емес. Биыл қаржылық салымдар болды. Менің ойымша, демеушінің қаражаты есебінен жол жасауда тұрған ештеңе жоқ. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу процесінің өзі объективті себептермен кешіктірілгендіктен, айыпты ештеңені көріп тұрған жоқпын. Ауылға жол құрылысын салу қарастырылған. Бірақ, мемлекеттік сатып алу процесі кешіктіріліп жатыр. Спортшының ата-анасы "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын алғанын білесіздер. Анасы жол жасауды өтінді. Біз мемлекеттік сатып алу рәсімі жүріп жатқанын түсіндірдік, біраз күту керек екенін айттық. Дегенмен, кәсіпкерлеріміз келіп, демеушілік қаражат есебінен чемпионның аймағына жол салды. Менің ойымша, мұнда тұрған ештеңе жоқ", – деді әкім.

Еске салсақ, Тараз әкімдігі Елдос Сметовтің Олимпиададағы жеңісінен кейін үйінің алдына асфальт төсеп берген болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар