Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Анаң да, сіңілің де, інің де…: Қымбат Досжан Гүлнәр Сиқымбаеваның неден қаза тапқанын айтып берді

11:09, 08 қазан 2024 2511

ҚР еңбек сіңірген артисі Гүлнәр Сиқымбаеваның қазасы туралы журналист Қымбат Досжан баяндап берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

  “Өзіңді “тамағына құс ұялаған әншісің” деп бағалаған еді ұстазың Каукен Кенжетаев ағамыз. Неге асықтың Гүлеке… “Қымбатжан, жаз болса өтіп барады, келсейші Алматыға , немеремді көрсетем, сен де немерелі болып жатырсың, балалар бір бірін көрсін “деп едің туған күніңде құттықтап сөйлескенімде.. түһ, құдай ай, әлі бір 100 жыл өмір сүретіндей көреміз осы… Анаң да 40 тан асар аспаста кеткен еді, Эльмира сіңлің ұйқыдан оянбай қалды, тағы бір інің де жас кетті… Қатты құлазыдың… енді міне өзің де ұйқыдан оянбапсың… не болды жаным ай… Үйдің үлкенімін деуші едің, нағашыңды аузыңнан тастамаушы ең, анаң ерте кеткен соң, нағашыңның қолдауын көрдің.. Әппақ , таза жүрегіңмен мөлдіретіп салған әнің есімізде қалады енді.. Байыр балаңа сабыр тілеймін, ұрпағың аман болсын… Қош бол, Гүлеке”, – деп жазды журналист.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар