Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Анамыз 89 жаста. Бірақ өзі 94-темін дей береді" - Сәкен Майғазиев анасының денсаулығы туралы айтты анасының

17:37, 09 маусым 2025 434
 

Әнші Сәкен Майғазиев ұлының тойына анасының қатыспайтынын жеткізді, деп жазады Alash.KZ.

Өнер иесі жеке парақшасында анасының сәлемдемесін жеткізді.

"Менің халімді көздеріңмен көріп жүрсіңдер, жасарып бара жатқам жоқ. Күннен күнге қайратым кеміп, қауқарым кетіп барады. Мені зарықтырмай Әділетімді үйлендіріңдер, тапсырма сол!", – деген екі ай бұрын.

"Өзім үйлен деп бұйрық беріп алып тойға бармай қалғаныма ренжімеңдер" деп қалжыңдап қояды. 

Аналық ақ жүрегіңізбен берген бастаңызды, тілген тілегіңізді мейірімі шексіз Алла тағала қабыл еткей, анашым”, – деп жазды әнші. 

Одан кейін анасының денсаулығы күннен күнге нашарлап бара жатқанын жасырмады.

“Негізі, анамыз 89 жаста. Бірақ өзі 94-темін дей береді. Көз алдыңда жүрісі баяулап, жанары тайып, есте сақтау қабілеті төмендеп бара жатқаны жаныңа батады, жүрегіңді сыздатады. Бір бөлмеден бір бөлмеге әрең жетіп жүр.
Алла қаласа, тойдан кейін Әділетіңіз бен Әдияңызды алып сіздің ақ батаңызды алуға, келініңіздің қолынан шай құйып, қызмет етуге ауылға тағы келеміз. Алла сізге күш-қуат берсін”, – деп жазды өнер иесі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар