Әнші Диас Аблаев анасы Нағима Есқалиеваның жеке өмірін журналист Тимур Балымбетовке баяндады, деп хабарлайды Alash.kz.
“Ата-анам ажырасқанда мен кішкентай болдым. Бірақ бір момент ғана есімде қалды. Жаңа пәтерге көшіп келіп жатқанда, әкем үйге кірген жоқ. Анам маған қарап тұрды да: “Балам, бәрі бітті” деді. Әкем есікті жауып кетіп қалды. Мен ешқашан екеуінің ұрысқандарын көрмеппін. Енді үшеуміз бірге тұрмаймыз деген ой болған жоқ. Әлі бала болғасын, әкем келгесін бірге ойнаймыз деп ойладым. Бірақ әкем сол кеткеннен анама қайтып келмеді. Сол кезде-ақ түсіндім. Әкемді ешқашанда жамандаған емеспін. Ол қарым-қатынас құруға, адаммен тез тіл табысуға өте бейім. Ата-анамның ажырасуын айту әлі күнге дейін қиындау тиеді. Бірақ өмір болғасын, ондай дүниелердің болуы – заңдылық. Ең қызығы, әкеммен араласып тұрғаныммен, тереңге бойлап, сырласып көрмеппін. Тіпті, анаммен де ашылып әңгіме айтпайды екенмін”, – деді Диас.
Анасы қайтадан тұрмыс құрған. Екінші некенің де сәтсіз болғанын баяндады.
“Әкем кеткеннен дейін анам екінші рет тұрмыс құруға шешім қабылдады. Ол сәттерді еске түсіру өте ауыр. Көп жерде айтқым келмейді. Одан кейін ол кісі қайтыс болып кетті. Тіпті мені “әке” деп айтуға мәжбүрледі. Анама бұл кісімен қалса, өте қауіпті әрі қиын екенін ескерттім. Абьюзер адам болатын”, – деді әнші.