Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Анам оқи алмайды, әкем 6-сынып бітірген: 12 жасында босанған қыз туралы сұмдық ақпарат шықты (ФОТО)

12:50, 25 шілде 2024 4465

Павлодар облысының балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенева 12 жасында балалы болған қыздың үйінде болды,деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап. 

 

Отбасы Павлодар облысының Галкино ауылында тұрады. Олар 2019 жылы екі баламен Моңғолиядан көшіп келген.

"Қазақстанда тағы 3 бала дүниеге келді, қазіргі уақытта ана 2022 жылы туған кішкентай баланың күтімі бойынша демалыста. Анасы оқи да, жаза да алмайды. Тек өз атын жаза алады, құжаттарға солай қол қояды. Отағасы 6 сыныпты бітірген, ешқандай мамандығы жоқ. Мезгілдік жұмыс ретінде мектепте от жағушы болып жұмыс істейді. Қазіргі уақытта жұмыс істемейді", - деді Павлодар облысының балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі.

Ата-ана үлкен қыздарының жүктілігі туралы 2024 жылдың 3 сәуірінде мұғалімдерден білген. Сол күні УДЗ жасалып, жүктілік расталған. УДЗ-дан кейін қыз 19 шілдеге дейін аудандық ауруханада дәрігерлердің бақылауына алынған.

"Ауруханада мектеп басшылығы оқу жылының соңына дейін онлайн оқытуды ұйымдастырды. Ауруханада болған 3 жарым ай бойы болашақ ана мектеп педагогикалық құрамының жеке қаражаты есебінен киім-кешек, аяқ киім, жуғыш заттар және азық-түлікпен қамтамасыз етілді", - деді Сәуле Шәкенева.

Дәрігерлер ерте жүктілікті сақтап қалып, 12 жастағы қыз салмағы 3 360 грамм болатын сау қызды дүниеге әкелді.

Сәуле Шәкенева облыстық перинаталдық орталықтан шыққаннан кейін ана мен сәбидің одан әрі тұратын орны туралы мәселе жақын арада шешілетінін атап өтті. Ата-анасы қыздарына қатысты зорлық-зомбылық фактісі туралы білмеген және күдіктенбеген. Олардың туысы қызды зорлағаны үшін күдікті деп танылды. Ата-анасы олармен қарым-қатынасты тоқтатқанын айтқан.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар