Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Анаға тағзым – ұлтқа тағзым

15:00, 08 маусым 2026

«Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін өтей алмайсың» дейді қазақ. Шынындада, адам баласының өміріндегі ең қастерлі ұғымАна. Анатіршіліктің бастауы, отбасының ұйытқысы, ұлт тәрбиесінің алтын діңгегі. Халық даналығы ұрпақ тәрбиесінде ананың орны мен жауапкершілігі айқын.

Жуырда Алатаудың баурайындағы «Анаға құрмет» музейінде өткен тағылымды іс-шара осы ұлы ұғымның қадір-қасиетін тағы бір мәрте айшықтады. Музей қорына өнегелі ана, ардақты жан Раушан Демеукеліні Жолдасоваға арналған көркем туынды қабылданып, көпшілік назарына ұсынылды. Бұлбір әулеттің ғана емес, бүкіл қазақ қоғамының рухани құндылықтарын дәріптейтін маңызды мәдени оқиға. Картина авторы – Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, журналист әрі суретші Жанұзақ Мүсәпір. Осы орайда тағылымды бастаманың жүзеге асуына ұйытқы болған «Анаға құрмет» музейінің директоры Гүлнәр Әбішқызына ерекше ризашылық білдіреміз.

Қазақта «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» деген сөз бар. Алайда Раушан апаның өмір жолына көз жүгірткенде, ананың жүрегінен тараған мейіріммен тәрбиенің ұрпақ тағдырын қалай қалыптастыратынына анық көз жеткіземіз. Ол өмірлік серігі, қазақ педагогикасына қырық бес жылдан астам ғұмырын арнаған ұлағатты ұстаз Нұрмахан Демеуовпен бірге саналы өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнады. Он перзентті тәрбиелеп өсіріп, олардың халыққа қызмет ететін ел азаматы болып қалыптасуына жол ашты.

Бүгінде сол ұрпақтар ғылым, білім, медицина, қауіпсіздік, қаржы, мемлекеттік қызмет, халықаралық қатынастар мен кәсіпкерлік салаларында жемісті еңбек етіп келеді. Бұл – кездейсоқ жетістік емес, ананың ақылы мен тәрбиесінің, отбасындағы ұлттық құндылықтардың нәтижесі. Сол тәрбиенің жарқын үлгісін Раушан апаның қызы Кәмшаттың өмір жолынан да көруге болады.  
Еуропада өмір сүріп, балаларын халықаралық ортада тәрбиелеп отырғанына қарамастан, олардың қазақ тілін жетік меңгеруі, ұлттық дәстүр мен мәдениетті құрметтеуіана тәрбиесінің өміршеңдігін дәлелдейді.

Кәмшат Нидерландтағы Қазақ диаспорасының жұмысына белсене араласып, ұлттық мерекелерді, мәдени іс-шараларды, көрмелер мен кинофестивальдерді ұйымдастырып келеді. Бұлтуған елге деген сүйіспеншіліктің, ұлттық тамырдан ажырамаудың айқын көрінісі. Сондай-ақ, Кәмшат қыздарыңыз биыл Парижде өткен Еуропа қазақтарының Құрылтайына және Токиода өткен Азия қазақтарының кіші Құрылтайына қатысып, шетелдегі қандастардың мәселелерін көтерді. Мұның бәріРаушан ананың берген тәрбиесінің жемісі, қазақ қызына тән қайсарлық пен елжандылықтың үлгісі.

Бүгін музей қорына қабылданған картина тек бір ананың бейнесі ғана емес. Ол – қазақ әйелі даналығының, аналық мейірімнің, отбасы беріктігінің және ұлт тәрбиесінің символы. «Алып анадан туады» деген сөздің шынайы мәні осындай аналардың өмір жолынан көрінеді. Өйткені елдің ертеңін қалыптастыратын тұлғалар ең алдымен ананың әлдиімен, ананың ақылымен, ананың тәрбиесімен өседі.

Іс-шараға әулеттің жақын туыстары, балалары мен немере-шөберелері, достары, зиялықауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты. Қатысушылар Раушан ананың өнегелі ғұмыры бүгінгі жастар үшін үлкен тағылым мектебі екенін ерекше атап өтті. «Анаға құрмет» музейінің ерекшелігі де осында. Бұләлемде баламасы жоқ мәдени-рухани орталық. Мұнда ананың қоғамдағы орны, отбасы құндылығы және ұлт тәрбиесіндегі тарихи миссиясы кеңінен насихатталады. Сондықтан Раушан Демеукеліні жарқын бейнесі музей қорынан орын алғанда, олбір әулеттің мерейі ғана емес, әр перзенттің анаға деген құрметінің, ұлттық құндылықтарға деген адалдығының көрінісі деп білеміз. Қазақ халқы ананы ежелден ерекше қадірлеген. «Жұмақананың табанының астында», «Ананың сүті – бой өсіреді, ананың тілі – ой өсіреді» деген нақылдар соның дәлелі. Өйткені ана тәрбиесі арқылы адам бойында адамгершілік, білімге құштарлық, еңбекқорлық, мейірім мен отансүйгіштік қасиеттер дариды. Бүгінгі қоғамға дәл осындай өнегелі аналардың өмір жолын дәріптеу аса қажет.  Себебі ұлттың болашағыотбасы тәрбиесіне, ал отбасының берекесіанаға байланысты. Ана қадірленген жерде руханият та, тәрбие де, ұрпақ сабақтастығы да сақталады. Раушан апаның жарқын ғұмыры – осы ақиқаттың нақты дәлелі. Оның өмірі мен өнегесі талай жасқа үлгі болып, ұрпақ жадында мәңгі сақталары сөзсіз. Анаға көрсетілген құрметұлтқа көрсетілген құрмет. Сондықтан осындай асыл аналардың есімі ұлықталып, тағылымы ұрпақ санасына сіңе берсін.

Ана аман болсаұрпақ аман. Ұрпақ аман болсаұлт аман. Ал ұлттың амандығыосындай ардақты аналардың тәрбиесі мен ақ батасында екеніне дау жоқ.

Толқын СҰЛТАН, 

Мәдениет саласының үздігі

Қазақ радиосының редакторы

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар