АҚШ Әділет министрлігінің мәліметінше, Гэннон Кен Ван Дайк құпия ақпаратқа қол жеткізіп, Polymarket платформасында тиімді бәс тігулер жасаған. Ол «Абсолютті шешім» операциясына қатысып, соның аясында Николас Мадуро қолға түскен, деп жазады Alash.KZ
Дональд Трамп Мадуроның ұсталғанын жариялағаннан кейін, платформа әскери қызметкердің $409 мың ұтыс алғанын тіркеген.
Түскен қаражаттың бір бөлігін Ван Дайк криптовалютаға аударып, ізін жасыруға тырысқан: ақшаны шығарып, email мекенжайларын өзгертіп, платформадағы аккаунтын өшіруді сұраған. Сонымен қатар ол барлығы 13 сәтті болжам жасап үлгерген. Айта кетейік, аккаунт тек 2025 жылдың желтоқсанында тіркелген.
Енді әскери қызметкер Солтүстік Каролинаның Шығыс округінде сот алдында жауап береді.
Америкалық әскери Николас Мадуроны ұстау операциясынан 190 млн теңге тапқан
15:42, 24 сәуір 2026
Ашық дерекөздерден
Соңғы жаңалықтар
Қазақстан әскерінде реформа басталды: Енді мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді
21:31, 24 қазан 2026
"9,5 мыңнан астам адам жұқтырғаны хабарланды". Тағы бір індет әлемде тарап жатыр
14:33, 24 қазан 2026
"Бес адамның маймыл шешегін жұқтырған". Тағы бір індет тарап жатыр деген хабар шықты
09:21, 24 қазан 2026