Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Америка енді Украинаға тікелей қару бермейді - НАТО іске кірісті!

12:25, 11 шілде 2025 376

Украина мен АҚШ арасындағы қару-жарақ пен гумманитарлық көмек қарым-қатынасы жаңа кезеңге өтті деп жазады Alash.kz. 

АҚШ президенті Дональд Трамп Америка Құрама Штаттары мен НАТО арасында жаңа келісімге қол қойылғанын мәлімдеді. Reuters хабарлағандай, бұдан былай Украинаға бағытталған қару-жарақ тікелей АҚШ тарапынан емес, НАТО арқылы жеткізілетін болады.

“Біз қару-жарақты НАТО-ға береміз, ал оның толық қаржысын НАТО өзі өтейді. Осылайша, қару алдымен НАТО-ға жөнелтіледі, содан кейін ғана НАТО оны Украинаға жеткізеді”, – деді Ақ үй басшысы.

Трамптың бұл мәлімдемесі АҚШ-тың Украинаға тікелей араласуын шектеу әрі жауапкершілікті одақтастық деңгейге көшіру мақсатында жасалып отырған қадам ретінде бағаланып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар