Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Аман-есен табылды»: Әскерде жоғалып кеткен жігіт анасымен 28 жылдан кейін қайта қауышты

13:02, 21 сәуір 2024 4514

1996 жылы күзде әскерге кетіп оралмаған Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылының 1977 жылы туған тұрғыны Бейбіт Қозыбаев 28 жылдан кейін аман-есен табылып, анасымен қайта қауышты. Бұл туралы «Атырау» газеті хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

«Маржан апайдың бұл күнге де жетіп, туған ұлын құшақтап, сағынышын басқанын көзіміз көрді. Аудандық әскери комиссариатына келіп, баласын сұрап егілген ананың талай қиналғаннан есінен танып қалғанын да көргенбіз. Сол кездері оны не деп жұбатарымызды білмей, біз де қиналып қалушы едік. Бүгін міне, 28 жылдан кейін бауыр еті баласымен қауышқан ана үшін біздің де көңіліміз жай тапқандай болды, – дейді Қызылқоға аудандық мәслихатының депутаты, қорғаныс саласының ардагері Есенбай Нұров.

Бейбіт Қозыбаевтың қалай жоғалып кеткені және осы уақытқа дейін қайда болғаны жайлы ақпарат жазылмаған. 

Alash.kz ұлттық порталы

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар