Сұңқар Қанибек жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Alash.kz.
Польшаның Бельско-Бяла қаласында кадеттер, жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан командасының қоржынына алтын медаль түсті.
ҚР Каратэ федерациясының мәліметінше, жасөспірімдер санатында кумите бағдарламасында 76 кг дейінгі салмақтағы спортшымыз Сұңқар Қанибек топ жарды. Отандасымыз финалда Броди Калленмен (Шотландия) шеберлік байқасып, айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 4-0.
Жүлдегерлер тізімі:
1-орын – Сұңқар Қанибек (Қазақстан)
2-орын – Каллен Броди (Шотландия)
3-орын – Армандо Муца (Албания)
3-орын – Бадер Әл-Баргави (Сауд Арабиясы)
Сұңқар 2024 жылы дәл осы салмақта әлем чемпионы атанған тағы бір отандасымыз Әлихан Қадырғалидың жетістігін қайталады.
Сұңқар Қанибек - Қызылорда каратэ мектебінің өкілі. Осыған дейін жастар арасындағы А сериясы санатындағы Фуджайра және Гвадалахарадағы бірнеше жарыста топ жарған.