Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Алты рет оқ атты”. 15 жастағы жасөспірім президентікке үміткерге оқ атты

11:18, 08 маусым 2025 315

Колумбияда 15 жастағы жасөспірім президенттікке кандидатқа оқ атты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

8 маусым күні Колумбия астанасы Богота қаласында өткен сайлауалды митинг кезінде сенатор әрі ел президенттігіне кандидат Мигель Урибеге қастандық жасалды.

Оқиға Урибе жақтастарына сөз сөйлеп тұрған сәтте болған. 15 жастағы жасөспірім кандидаттың арқасына алты рет оқ атқан. Оқтардың бірі оның басына тиген. Шабуыл салдарынан тағы екі адам жарақат алды.

Урибенің күзетшілері дереу қарсылық көрсетіп, шабуыл жасаған жасөспірімді атып жаралады және оны қолға түсірді.

Колумбия президенті Густаво Петро мен үкімет мүшелері бұл қастандықты қатаң айыптады.

El Tiempo газетінің мәліметінше, шабуыл жасаған адам – 15 жастағы жасөспірім. Бұған дейін Богота мэрі Карлос Галан да күдіктінің ұсталғанын хабарлаған еді.

Қазір Мигель Урибенің жағдайы туралы нақты ақпарат берілмеді, алайда оқ оның басына тигені расталды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар