Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Алты ай күтудің қажеті жоқ»: Маңызды! «Отбасы банктің» жаңа жеңілдігі кімдерге арналған?

16:00, 20 қазан 2026

Еліміздегі баспана нарығында үлкен сұранысқа ие «Отбасы банк» аралық заемды рәсімдеудің жаңа механизмін ресми түрде іске қосты, деп хабарлайды Alash.kz.

Банк ұсынған жаңа ережеге сәйкес, егер салымшының қоржынында баспана құнының 50 пайызы дайын тұрса, енді оған ақшасын депозитте ұстап, алты ай бойы күтудің еш қажеті болмайды. Бұл шешім ипотекалық несиені бұрынғыдан әлдеқайда жылдам рәсімдеуге мүмкіндік береді. Десе де, бұл жеңілдіктің өз шектеулері бар, себебі жаңа бағдарлама тек белгілі бір ірі құрылыс салушылардың жаңадан соғылған тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлеріне ғана қолданылады.

Сала мамандары бұл жаңашылдықтың халыққа қаншалықты тиімді екенін қызу талқыға салып жатыр. Жылжымайтын мүлік саласының сарапшысы Александр Пактың пікірінше, баспаналы болуды көздеген халық үшін басты кедергі заем күту мерзімінде емес, бастапқы жарнаға жететін ақшаның жоқтығында болып отыр. Сонымен қатар, жаңа салынған үйден ипотека алып, оған ай сайын қызмет көрсету үшін азаматтардың тұрақты әрі жеткілікті табысы болуы тиіс. Маман мемлекет пен банк тарапынан жасалып жатқан бұл қадамның негізгі себебін былайша түсіндірді:

«Үкімет құрылыс саласы экономиканың драйвері екенін жасырмайды. Бұл жерде ипотекалық кредиттеу мен құрылысты қолдауға деген ұмтылыс анық көрінеді», – деп атап өтті Александр Пак.

Өз кезегінде жылжымайтын мүлік және инвестициялар саласының сарапшысы Лев Тетин бұл қадамға қатысты өз күдігін жасырмады. Оның пайымдауынша, жаңа механизм – бұл ірі құрылыс компаниялары мен «Отбасы банк» арасындағы өзара келісім негізінде әзірленген қарапайым маркетингтік жүрістен басқа ештеңе емес.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар