Алматытағы Арбатта төбелескен қыз бен жігіттің видеосы тарады, деп хабарлайды Alash.kz.
Кадрларға қарасақ, жігіттің өзіне ұмтылған қыздың бетінен ұрғаны байқалады. Кейін куәгерлер араласып, оларды ажыратқан.
Қазір қалалық полиция өкілдері төбелесу фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.
"Объективті жағдайлар белгіленеді. Кінәлі адам міндетті түрде ұсталып, жауапқа тартылады", - деп хабарлады полиция.
Ескерту! Видеода былапыт сөздер бар.