Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда Қаңтар оқиғасына қатысты тағы 29 адам сотталғаны хабарланды

10:40, 22 қараша 2025 67

Алматының тергеу изоляторында Қаңтар оқиғасына қатысты тағы 29 адамға үкім оқылды. Alash.KZ сайты Elmedia сайтына сілте жасап, процесті іс жүзінде "Жұмагелдиев – Искаков" ісінің жалғасы деуге келеді деп жазды.

Биыл жыл басында Алматыда 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезіндегі "адам ұрлау", "билігін асыра пайдалану", "жаппай тәртіпсіздікке қатысу" қылмысына қатысы бар деген айып тағылған 44 адамға сот үкімі шыққан еді.

Сот "Дикий Арман" деген лақап атқа ие Арман Жұмагелдиевке – 20 жыл, Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенге – 8 жыл түрме жазасын кескен.

Осы іс бойынша айып тағылған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов 15 жыл 6 айға түрмеге қамалған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар