Алматы облысы Кеген ауданында 37 жастағы алматылық полицейдің денесі табылды, деп жазады Alash.kz.
Алматы облыстық Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
“23 маусым күні полицияға таулы аймақтан мәйіттің табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде жедел-тергеу тобы шықты.
Қаза болған адамның жеке басы анықталды. Оның полиция қызметкері болғаны расталды.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер, оның ішінде марқұмның жұбайы мен ұлы ұсталды. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға Алматы қаласында орын алғанын атап өтеміз.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды”,- делінген ресми хабарламада.