Алматыда жасөспірімдер мұз айдынында бір қызды жабылып соққыға жақты, деп жазады Alash.KZ.
26 қаңтарда Алматыдағы «Гүлдер» саябағындағы мұз айдынында жасөспірімдер бір қызға шабуыл жасады. Шабуылдың себептері белгісіз, деп жазды "Криминальный Казахстан".
Зардап шеккен қыздың бірнеше қабырғасы сынып, миы шайқалған және тістерінің брекеттері сынып ауруханаға жатқызылды.
Оқиғаға қатысқан барлық жасөспірімдер мен олардың ата-аналары полиция бөлімшесіне жеткізілді.