Алматыда екі апта бұрын із-түссіз жоғалып кеткен 35 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Lider.kz қозғалысының еріктілері мәлімдеді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 14 қазан күні ер адам Қарасай ауданы Асыл Арман шағынауданындағы үйінен шамамен сағат 22:30-да шығып кетіп, қайтып оралмаған.
Жоғалған сәтте оның үстінде көк былғары күртеше, қара спорттық шалбар және қоңыр кроссовка болған.
Қайғылы жағдайдың нақты мән-жайы әзірге жария етілмеді. Құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.