Алматы тұрғындары таңертеңнен бастап Саин көшесіндегі жағдайды әлеуметтік желілерде бөлісіп жатыр. Жаңа автобус жолағы іске қосылғаннан кейін аталған көшеде көлік кептелісі күшейген, соның салдарынан жолаушылар жолға таласып, жаға жыртысып жатыр деп жазады Alash.KZ.
Бейнежазбалардан ұзын-сонар кептелістерді, қозғалыстың баяулағанын, тіпті жүргізушілер арасында жанжалдардың болғанын көруге болады. Қала тұрғындарының айтуынша, жолдағы қозғалыс айтарлықтай қиындап, межелі жерге жету уақыты керісінше ұзарған.
Еске салайық, 20 маусымнан бастап Рысқұлов даңғылынан Мұстафин көшесіне дейінгі аралықта қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолақ пилоттық режимде іске қосылды. Қала әкімдігі бұл бастама автобустардың жылдам әрі тұрақты қозғалуына мүмкіндік береді деп есептейді.
Алайда көптеген алматылықтар арнайы жолақ іске қосылмай тұрып-ақ мұндай өзгерістің қаладағы ең жүктемесі жоғары көшелердің біріндегі жағдайды одан әрі қиындатуы мүмкін екенін айтып, алаңдаушылық білдірген еді.
Алматыда автобус жолағы пайда болды: жолаушылар кептеліске шыдамай, жол үстінде төбелесуде (ВИДЕО)
Астанадағы балабақшада ерекше балаға қол көтерілді: полиция қылмыстық іс қозғады
18:54, 13 қараша 2026
«Желіде жас сарбаздың талып қалған видеосы тарады»: Құзырлы органдар мәлімдеме жасады
17:14, 13 қараша 2026
«445,6 мың адам»: Қазақстанда жұмыссыз жүргендер кімдер? Жаңа статистика жарияланды
16:53, 13 қараша 2026
Қуанышты хабар: Қазақстандық боксшылар World Boxing әлемдік рейтингінде көш бастады
16:05, 13 қараша 2026
«Сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз» – Президент
15:13, 13 қараша 2026
«Ифтар, сухур, ухти, ахи»: ҚМДБ діни сөздерді орынсыз қолдануға қатысты үндеу жасады
14:26, 13 қараша 2026