Алматыда дәрігерлер салмағы шамамен 25 келі болатын алып ісікті сәтті алып тастап, науқастың өмірін сақтап қалды. Мамандар бұл жағдай дер кезінде тексерілудің және дәлелсіз ем-домға сенбеудің қаншалықты маңызды екенін тағы бір рет көрсетті, деп хабарлайды Alash.KZ.
Науқастың іші жүктіліктің соңғы кезеңінде жүргендей әскер қалдырған.
«Ол ауырсынса да медициналық көмекке жүгінбей, екі ай бойы өз бетінше емделіп, кетірмекші болған. Кейін, ауруы үдегесін дәрігерге жүгінген», - дейді денсаулық сақтау министрлігі.
Компьютерлік томографиямен тексеру кезінде ішінен жамбас қуысына дейінгі аралықта алып ісік анықталған.
Дәрігерлер шұғыл ота жасауға кірісіп, операция 2,5 сағатқа созылды.
Қазіргі уақытта науқас химиотерапиядан өтіп жатыр және мамандардың бақылауында.