Алматы тұрғындарына тұра ұмтылып, шатақ мінез шығарған шетелдік жасөспірімдер елден кетті, деп хабарлайды Alash.KZ.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде жасөспірімдердің өтіп бара жатқан адамдарға тиісіп, дөрекі мінез көрсеткен видеолары тараған. Қала тұрғындарының шағымынан кейін полиция оларды ұстап, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырған.
Кейін сот шешімімен құқық бұзушылар Қазақстаннан шығарылып, елге қайта кіруге тыйым салынды.
Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінше, жасөспірімдердің ата-аналары да балаларын дұрыс тәрбиелемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.