Жас жігіттер ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы тауларында адасып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оқиға туралы ҚР ТЖМ хабарлады. Іле Алатауының Кіші Алматы шатқалында 21-22 жас аралығындағы екі жас жігіттен тұратын топ Панорама шыңына тауға көтеріліп, кейін түсе алмай қалған деген болжам бар.
– Ауа-райын алдын-ала көрмегендіктен, олар қатты дауылда қалды. Осыған байланысты белгіленген уақытқа түсе алмай қалды, - делінген хабарламада.
ТЖМ жедел тобы "Панорама" құтқару кабинасында жоғалған адамдарды тауып, таулардан Алматы қаласына түсірген.
Жастарға медициналық көмек қажет болмаған.Бұған дейін Алматы тауларында ер адамдар жоғалып кеткен болатын.