Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

15:54, 16 ақпан 2026

Алмасхан Сматлаев Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

"Алматы қаласы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Алмасхан Сматлаев қала әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл шешім Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісілген", - делінген ресми хабарламада.

Жаңа қызметінде Алмасхан Сматлаев көріктендіру, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және жол мәселелеріне жетекшілік етеді.

Алмасхан Сматлаев еңбек жолын 2009 жылы бизнес құрылымдарында бастаған. Кейін Еуразиялық экономикалық комиссияда қызмет атқарды.

2014–2023 жылдары Шығыс Қазақстан облысында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын басқарды, облыс әкімінің орынбасары, кейін бірінші орынбасары болды.

2023–2025 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарды.

2025 жылдан бастап Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2026 жылғы ақпанда қала әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар