Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматы облысында судьяның өзі сотталды

04:25, 19 ақпан 2024 334
17 қаңтарда Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А. Абдрахмановқа және басқа да адамдарға қатысты үкім шығарылды.

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жоғарғы сотпен бірлесіп, судьяның заңсыз қызметін тоқтатқан.
«А. Абдрахманов Қарасай ауданы мемлекеттік кірістер басқармасы өндіріп алу бөлімінің басшысы А. Асылбековтің көмегімен екі ЖШС-ны банкрот деп танығаны үшін кәсіпкерден пара алды деп айыпталды. Қонаев қалалық сотымен А. Абдрахманов 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. А. Асылбековке 122,5 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Пара беруші 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды», – делінген сот хабарламасында.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылады.

Еске салсақ, ҚР ҚК-нің 41-бабына сәйкес, айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: pixabay.com
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар