Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматы облысында жедел-жәрдем көлігі ер адамды қағып, өлтіріп қойды (ВИДЕО)

15:45, 14 маусым 2025 309

Алматы облысында жедел жәрдем жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетіп, ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Алматы – Өскемен тас жолының 75-шақырымында жедел жәрдем көлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы орын алды.

Полицияның мәліметінше, қайғылы жағдай 11 маусым күні болған.

Арнайы көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ер адам оқиға орнында көз жұмған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Алматы облыстық полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардың барлығына жауапкершілік жүктелетінін ескертті.

 Түнгі уақытта жүргізушілерге ерекше мұқият болу ұсынылса, жаяу жүргіншілерге жолды тек арнайы белгіленген жерден өтіп, жарық шағылыстыратын элементтерді қолдану қажет екені айтылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар