Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматы облысында екі адамды пойыз қағып кетті

15:06, 24 маусым 2025 70

Алматы облысында екі адамды пойыз қағып кетіп, қаза тапты, деп хабарлайды,  Alash.kz ұлттық порталы.

turkystan.kz хабарлауынша, оқиға 23 маусым күні сағат 19:10 шамасында Отар – Алматы-1 учаскесінде болған. Аксенгер – Бурундай аралығында екі адамның теміржол үстіне кенеттен шығып кетуіне байланысты машинист шұғыл тежеу қолданған.

«Локомотивтен берілген дабылдарға олар жауап қатпаған. Қашықтықтың тым жақын болуына байланысты қағылудың алдын алу мүмкін болмады», – делінген хабарламада.

Оқиға туралы Алматы-1 станциясындағы желілік полиция бөлімшесіне хабарланған. Қазір оқиғаның мән-жайын тиісті органдар анықтап жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар