Қайғылы хабар! Алматы әкімінің экс-орынбасары әрі Тоқаевтың бұрынғы кеңесшісі Ержан Бабақұмаровты Астанада таныстары ұрып, өлтіріп кетті, деп жазады Alash.KZ.
Қайғылы жағдай өткен түні, яғни 30 қазанға қараған түнде болған. Полиция қайғылы оқиғаны растады.
Ресми ақпараттарға сүйенсек, Ержан Бабақұмаров таныстарымен бірге кеш өткізген. Жиналғандардың арасында жанжал туып, соңы төбелеске ұласыпты. Сөйтіп, төбелестің ақыры кісі өліміне ұласып 56 жастағы Ержан Бабақұмаров көз жұмды. Олар бұрыннан таныс болған.
Kazinform мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
2019 жылдың шілдесінен 2022 жылдың ақпанына дейін Ержан Бабақұмаров Алматы қаласы әкімінің орынбасары болған. Сондай-ақ ол Орталық коммуникациялар қызметін басқарған және Премьер-Министр кеңсесінде жұмыс істеген. Әр жылдары Президенттің кеңесшісі және мәдениет пен ақпарат вице-министрі қызметтерін атқарған.