Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыдан Атырауға және кері бағытта қосымша рейстер ашылады

08 сәуір 2024 272

Air Astana Атырау облысындағы су тасқыны жағдайына байланысты артқан сұранысты қанағаттандыру үшін Алматы мен Атырау арасында қосымша рейстер ашылатынын хабарлады.

Әуе тасымалдаушының баспасөз қызметі мәліметінше, 9 сәуірде Airbus A321 ұшағымен KC 8770 және KC 8780 қосымша рейстері орындалады. Алматыдан Атырауға ұшып кету уақыты 17.00-де. Кері рейс 21.15-те жүзеге асырылады.

"Air Astana табиғи апаттан зардап шеккендерге шын жүректен қайғырады және еріктілер ұйымдарынан ізгілік көмекті тегін тасымалдауға арналған өтініштерді қабылдайды", – делінген әуекомпания хабарламасында.

Ұшақтың 179 орындық сыйымдылығы бар екені атап өтілді.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?