Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда қызға таласқан жігіттер қан-жоса болып пышақтасып, бір бозбала көз жұмды

13:00, 20 шілде 2024 761
Алматы қаласында албырт сезімнің жетегімен қызға таласқан жас жігіттер пышақтасты. Салдарынан 17 жастағы бозбала ажал құшып, қыз дауының соңы қанды оқиғамен аяқталды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 
 
Қыз дауының соңы өлім оқиғасымен аяқталды. Оқиға орнынан қашып кеткен күдіктіні полицейлер көп ұзамай құрықтады. Ал достарымен бірге TikТоk арқылы табыс табумен айналысқан марқұмды жақындары туған жері Таразда жерлегені белгілі болды. 

Алматы қаласы, Томирис ықшамауданындағы үйді ұлы мен қызы аралас бір топ жасөспірім жалдап тұрған. өрші-қолаң сейсенбіде таңғы алты шамасында солардың айқай-шуынан оянған. Мұнда оларды іздеп ересек жігіттер келген екен.

КТК телеарнасының хабарлауынша, жігіттердің дәл сол жерде басталған әңгімесі көп ұзамай төбелеске ұласқан. Артынша 21 жастағы ер бала өзінен төрт жас кіші жігітті пышақтап, жасөспірім оқиға орнында бірден қаза тапқан. 

"Бір бала қоршауды ұрып, айқайлап жылап жатты. Қолы қан-қан, былай қарай жүгіріп кеткен. Екі жедел тобы келді. Бірден жедел жәрдем де жетті. Ана баланы жылдам алып кетті".Көршісі Ырысты Қалжан

Содан кейін бұл маңай тынышталып қалған. Жасөспірімдер жалдап тұрған үй қазір бос тұр. Ал қанды қылмысқа жігіттің қызғанышы себеп болғаны хабарланды.

"Ересектері болды, бұлардың. "Төбелес не үшін болды" деп сұрадым. "Қыз үшін болды, ана қыз полицияның машинасында отыр".

Куәгерлердің күдіктінің көлікке мініп қашқанын полицейлердің оны алысқа ұзатпай ұстағанын айтады. Қазір күдікті жігіт тергеу изоляторында отыр. Ал 17 жастағы марқұм Әлібекке сұғылған пышақ тәркіленген.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың басқа да мән-жайы анықталып жатыр". Алматы полиция департаменті ресми өкілі Салтанат Әзірбек

Көршілер ұл-қыздардың мұнда көшіп келгеніне бір айдай ғана болғанын айтады. Олардың бәрі Тик-Ток желісі арқылы табыс табумен айналысқан. Марқұмды жақындары өзінің туған жері Тараз қаласында жерледі. Ал күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар