Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматы облысында әнші Әбдіжаппар Әлқожаның ұсталғаны айтылды

06 шілде 2024 12366

Полицейлердің Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында танымал эстрада әншісі Әбдіжаппар Әлқожаны ұстап, тұтқындағаны айтылды, деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы.

Кейбір ақпарат көздерінің мәліметінше, Қайрат Нұртастың "ізін суытпай" әнші Әбдіжаппар Әлқожа да құрықталды.  

Куәгерлердің айтуынша, әнші Әбдіжаппар полицейлерге бағынбай дөрекілік танытқан көрінеді. Әзірге әншіні тәртіп сақшылары не себепті тұтқындағаны белгісіз. Әзірге ресми ақпарат хабарланған жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін жақында ғана танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов, әнші Қайрат Нұртас қоғамдық тәртіп бұзып,қамауға алынды.

Ұшақ бортында стюардессаны балағаттап, жолаушылардың мазасын алған үшін бес тәулікке қамалған танымал әзілкеш, «Әзіл әлемі» театрының басшысы Тұрсынбек Қабатов бостандыққа шыға сала концерт қойды. "Өзінің орнына Қайрат Нұртастың кеткенін" айтып, басынан өткен оқиғасын әзілмен жеткізді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?