Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматы әуежайында елдің берекесін алған екі ресейлік жолаушыға шара қолданылды

09:42, 11 мамыр 2024 852

Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ресейлік екі жолаушыны "жолда қалдырды". Акт негізінде Алматы–Дубай бағытындағы әуе рейсінен екі сапарлаушы түсірілген, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Полицейлер тексеру кезінде 24 және 25 жастағы Ресей Федерациясының екі азаматына шара қолданды. Олар ұшаққа отырғызу кезінде масаң күйде болып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ұсталған азаматтардың орташа дәрежелі алкогольдік масаңдық анықталды. Құқық бұзушылар алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Еске салайық, осы жылдың басынан бері көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 30 871 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін – 2339.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар