Әнші Ақбота Керімбекова желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісіп, екінші рет әже атанғанын айтты, деп жазады Alash.kz.
"Сүйінші жаңалық! Біздің шаңырағымызда кішкентай нәресте дүниеге келді. Былтыр ұлым Ақан үйленген еді. Бүгін міне немерелі болып жатырмын. Екінші рет әже болып жатырмыз. Аллаға сансыз шүкір! Баршаңызға осындай жақсылықтар бұйырсын! Немере сүйіңіздер! Шөбере сүйіңіздер! Шаңырақтарыңызда тек той болсын!", - деді әнші.