Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Алла қуат берсін! Дайындыққа кірістік…”: Қарақат Әбілдина көптен күткен қуанышты жаңалығын бөлісті

21:33, 04 мамыр 2026

Әнші Қарақат Әбілдина желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz.

Өнер иесі алда Астанада өтетін концертіне дайындықтың қалай жүріп жатқанын айтты.

«Ұзақ ән сапардан енді ғана оралып жатырмыз. Бір қаладан бір қалаға асығып жүріп, осы концертке арнайы дайындалуға да уақыт тапшы болды. Есімізді жиып, балаларымызға соғуға мұрша болмай, Алматыдан бір-ақ шықтық… Концерт беру – үлкен жауапкершілік. Енді, міне, бар күш-жігерімізді жинап, бас қалада өтетін концертімізге дайындыққа кірістік. Алла қуат берсін! Шүкір, еліміздің барлық қаласында өткен концерттеріміз аншлагпен, үлкен ықыласпен өтті. Сол сенім мен қолдауды енді, Алматы мен Астана көрерменінен күтеміз. Сағынысып қауышатын, бірге ән шырқап, бірге қуанатын күнге аз ғана уақыт қалды», - деп жазды Қарақат Әбілдина.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар