«Хабар» агенттігі Алаш ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушы Әлихан Бөкейханның өмірі мен ұлт тәуелсіздігі жолындағы қаһармандық күресін тереңінен баяндайтын «Әлихан. Алаш көсемі» атты жаңа деректі фильмді көрермен назарына ұсынды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Биыл Алаш қайраткері, Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл толып отыр. Қазақ халқының азаттық жолындағы күресінің символына айналған ұлы тұлға XX ғасыр басындағы «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі әрі Алаш партиясының негізін қалаушы және Алашорда үкіметінің тұңғыш төрағасы болды.
Деректі фильм Жапония, Чехословакия(бұрынғы), Ресей мен өзге де елдердің архивінде сақталған құнды құжаттар негізінде жасалған. Тұрсын Жұртбай, Қайрат Сақ, Сұлтан Хан Аққұлы, Берік Әбдіғалиұлы, Дихан Қамзабекұлы, Кәмшат Әбдірахманова, Дінмұхамед Байжұма сынды алаштанушы-ғалымдардың сүбелі сұхбаттары да деректі фильмде жинақталды.