Путин "Ресей AZAL ұшағының апатқа ұшырауына байланысты барлық шенеуніктердің әрекеттеріне құқықтық баға береді" деп айтты. Бұл жайлы Alash.kz порталы мәлімдеді.
Бұл туралы ол Ильхам Әлиевпен кездесуде хабарлады.
Ұшақ апатынан кейін екі ел басшылары жүздесті.
Путин Ресей өтемақы мәселесін шешуге дайын екенін жеткізді.
Ресей президенті Владимир Путин Ақтауда апатқа ұшыраған AZAL әуе компаниясының ұшағының құлауына себеп болған факторлардың бірі ретінде украиналық ұшқышсыз аппаратты (дронды) атады.
Еске сала кетелік, Ақтау маңында болған AZAL жолаушылар ұшағының апаты екі ел қарым-қатынасын ушықтырып жіберді. Қазіргі уақытта апаттың нақты себептері бойынша тергеу жалғасып жатыр.