Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алғашқы алтын: Виктория Графеева бокстан Бразилиядағы Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды

21:00, 26 сәуір 2026

Қазақстан құрамасы бокстан Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде алғашқы алтын медалін жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Alash.kz.

60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева үздік атанып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Финалда қазақстандық боксшы бразилиялық Ребекка Сантоспен кездесіп, төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, финалда сондай-ақ, қазақстандық спортшылар Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіден жоғары) және Сұлтанбек Айбарұлы (85 келіге дейін) өнер көрсетеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар