Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әлеуметтік осал топтарға тұрғын үй: Алматы облысында 1000-нан астам отбасы баспаналы болды

15:56, 27 қараша 2025 23
 

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңірдегі құрылыс саласының өсу қарқыны мен тұрғын үй бағдарламалары туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, құрылыс секторы тұрақты өсім көрсетіп отыр.

2025 жылдың 10 айында облыстағы құрылыс көлемі 21% өсіп, 948 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

Әкім әлеуметтік осал топтарды баспанамен қамтуға ерекше назар аударылғанын айтты. 2024 жылы 1 281 отбасы баспанамен қамтылса, биыл 2 236 әлеуметтік осал топтағы отбасына үй беріледі.

Кейінгі 30 жылда мемлекет тарапынан ешқандай үй салынбаған шалғай аудандарда, оның ішінде Нарынқол, Қайнар, Кеген, Үлкен Ақсу, Бақанас ауылдарында мемлекеттік бағдарлама аясында жаңа үйлер салынып, сатып алынып жатыр (шалғай аудандарда 350 мың теңге).

Мемлекеттік қызметкерлерді, бюджеттік ұйымдар мен спорт саласы өкілдеріне арналған «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасына 3,1 млрд теңге қарастырылып, 120-дан астам азамат баспанамен қамтамасыз етіледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар