Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әлеуметтік желіде Спорт министрінің атынан жалған мәлімдеме тарады

19:44, 06 қараша 2026
 

Әлеуметтік желілерде Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың атынан ресейлік хоккейшілерге қатысты Қазақстанның позициясы туралы жалған ақпарат тарап жатыр, деп жазады Alash.kz порталы

Орталық коммуникациялар қызметінің ақпаратына сүйенсек, жалған хабарламалар X және Bluesky желілерінде орыс, чех және ағылшын тілдерінде тараған. Анықталғандай, бұл фейк жазбалар Шығыс әрі Орталық Еуропадағы бірнеше елдің аккаунттары арқылы айналымға жіберілген.

Тек X желісіндегі түпнұсқа жазба санаулы сағатта 12 мыңнан астам қаралым жинап, 200-ден астам рет репост жасалған. Бір уақытта бірнеше тілде таралуы бұл әрекеттің ұйымдасқан түрде жасалғанын көрсетеді.

Қазақстан хоккей федерациясының атқарушы директоры Рустам Ибраев ақпаратты жоққа шығарды. Ол ұйымның ресейлік спортшыларға бойкот жариялауды қолдамағанын және Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) жарғысына сәйкес әрекет ететінін жеткізді.

«Әлем чемпионаттарына құрамаларды жіберу және қатысушылар құрамын анықтау – тек IIHF құзыретіндегі мәселе. Қазақстан хоккей федерациясы халықаралық ынтымақтастықты, адал бәсекелестік пен барлық қатысушыға тең жағдай жасауды қолдайды», – деді Ибраев.

ОКҚ-нің жалған ақпаратпен күрес орталығы мұндай жазбалар елдің ресми позициясын бұрмалайтынын ескертеді

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар