Қасым-Жомарт Тоқаев "Ана тілі" газетіне берген сұқбатында Қаңтар оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп жазады Alash.KZ.
"Қаңтар оқиғасынан үш жыл өткенде азаматтарымыздың көпшілігі елімізде бұрын-соңды болмаған осы дүрбелең көпе-көрінеу әлеуметтік әділетсіздіктің, саяси тоқыраудың, сондай-ақ қаскөйлердің шектен тыс менмендігінің және олардың халық пен мемлекет тағдырына немқұрайлы қарауының кесірінен орын алғанына әбден көз жеткізді.
Қаңтар оқиғасы туралы түрлі алып қашпа әңгімелер толастамай тұр. Оның үстіне, белгілі бір саяси есебі бар, сыңаржақ ұстанымдағы кейбір адамдар деректерді бұрмалап, азаматтардың көңіл күйін өз пайдасына бейімдеуге тырысады.
Тәртіп орнатуға және ахуалды тұрақтандыруға қатысты батыл шаралар қабылдаған соң, мен құзырлы органдарға Қаңтар оқиғасының мән-жайын толық әрі шынайы тергеп-тексеру туралы тапсырма бердім. Тергеу ашық жүргізілді. Қылмыскерлер жазасын алды”, - деді президент.
"Әлеуметтік әділетсіздіктің, саяси тоқыраудың орын алғанына көз жеткізді": Тоқаев қаңтар оқиғасы туралы не айтты?
«Серуендеуге шыққан»: Талдықорғанда 64 жастағы қария 4 күннен бері табылмай жатыр
17:51, 11 қараша 2026
Нәлібаев бірқатар тапсырма берді: Үкіметте білім беру саласын дамыту мәселелері қаралды
17:51, 11 қараша 2026
«Мас күйінде төсекте темекі шеккен»: Шымкентте 67 жастағы тұрғын өртеніп кетті (ВИДЕО)
16:43, 11 қараша 2026
«Бұрынғы вице-министр сотталды»: Еңбек министрлігіндегі қылмыстарға қатысты үкім шықты
16:02, 11 қараша 2026
«Пештің ішінде...»: Петропавлда жоғалған 13 жасар оқушы туралы ел күтпеген ақпарат шықты
14:58, 11 қараша 2026