Алматылық «Қайраттың» қақпашысы Шерхан Қалмұрза Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі мадридтік «Реалға» қарсы өтетін ойын алдында пікір білдірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Бұл – үлкен жауапкершілік. Біз тек клуб үшін ғана емес, бүкіл ел үшін ойнауымыз керек. Қазір бізге тек Қазақстан емес, бүкіл ТМД жанкүйерлік танытады деп ойлаймын. Қарсыласымыз мықты клуб болғанымен, біз өз ойынымызды көрсетуіміз тиіс. Әлемге Қазақстанда талантты ойыншылар бар екенін, футбол бар екенін дәлелдеуіміз қажет», – деді Шерхан Қалмұрза Qsport арнасына берген сұхбатында.