Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әлем чемпионы атанды!»: Қазақстандық дзюдошы Ғабит Расулхан Эквадорда топ жарды

10:08, 21 тамыз 2026

Қазақстандық балуан Ғабит Расулхан Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер (кадеттер) арасындағы әлем чемпионатында дзюдодан топ жарып, алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Alash.kz.

Дүбірлі доданың алғашқы күні отандық спортшылар үшін жеңісті басталды. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ғабит Расулхан бозкілемдегі барлық қарсыласынан басым түсіп, турнирдің чемпионы атанды.

Ол шешуші финалдық белдесуде Канада спортшысы Роман Семирозумды ұтты. Ал бұл финалға дейінгі жолда қазақстандық дзюдошы Алжир, Түркия, Украина және Жапония балуандарын қапы қалдырып, жарыс жолынан шығарған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар