Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Алдына бірқатар нақты міндет қойды»: Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қаринге тапсырма берді

13:05, 31 тамыз 2026

Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады, деп хабарлайды Alash.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент лауазымы Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілгенін және мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше мәнге ие екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қариннің алдына бірқатар нақты міндет қойды. 

Атап айтқанда, Вице-Президентке Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Мемлекет басшысының атынан өкілдік етіп, мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері бойынша ұстанымын жеткізу тапсырылды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар